Пікір • 12 Қараша, 2020

Ортақ үйіміз өркендей берсін

522 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойында мен Қазақстанның 225 мыңнан астам татарлары мен башқұрттарының атынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа мемлекетіміздің дамуына қосқан және одан әрі де қосып келе жатқан зор үлесі үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді.

Ортақ үйіміз өркендей берсін

Бүгін көптеген адамдар рес­пуб­ли­камыздың тоқсаныншы жылдардың басында, кеңестік державаның бүкіл экономикасы қирап барлық шаруашылық байланыстар үзіліп кеткенін ұмытып кетті. Ал кейінгі жастар біле бермейді де. Тіпті көрші, бір кездегі бауырлас республикаларда ұлтаралық негізде қанды қақтығыстар басталды, ол мыңдаған адамның өмірін қиды...

Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев күннен бастап еліміз тәуел­сіздік алған ел ішіндегі, сон­дай-ақ геосаяси аренадағы сали­қалы, сарабдал саясатының арқа­сын­да ғана біздің еліміз әлемдегі дамыған мемлекеттер қатарына нық ене отырып, кезең-кезеңімен экономикалық бей­бе­рекетсіздік пен дағдарыстан шықты.

Бұл ретте біздің мемлекеттің тұрақ­ты дамуының негізгі ұста­ным­­дарының бірі әрі оның өзегі – бүкіл әлемде таныл­ған этнос­аралық және конфес­сия­аралық келісімнің қазақстандық моделі болды.

Қазақстан мемлекеттілі­гінің қалыптасуының алғаш­қы жыл­­дарында мен Атырау облысы әкімінің орынбасары және мұнай саласында жұ­­мы­с істедім. Жоғарыда айт­қа­­ным­­ның бәрі – барлық негізгі көр­сеткіштер бойынша эко­но­миканың құлдырауы, мұнай бағасының барреліне 9 дол­­ларға дейін төмендеуі,  жалақы, балалар жәрдемақысы, зейнетақы төлеу, шағын бизнес субъектілеріне төлем жасау бойынша миллиондаған қа­рыздың болуы, жергілікті ха­лықтың киім мен азық-түлік үшін көрші Астраханьға барғаны – міне, сол кезеңнің нақты көрінісі осы.

Міне, Назарбаевтың экономикада да, саясатта да нақты құр­ған стратегиясының арқасында елі­мізге сол кезде аты әлемге әйгі­лі ал­ғашқы және салмақты инвес­тор­лар келді, нарықтық құры­лым­дардың дамуы басталды, бұ­­ры­нғы Гурьев, қазіргі Атырау шал­ғайдағы қалашықтан бүгінде Қазақ­стан Республикасының ең табыс­ты және дамушы өңірлерінің бірі­не, оның шын мәніндегі мұнай аста­насына айналды, онда бүгінде «Шев­рон» корпорациясынан бас­тап іс жүзінде барлық жетекші әлем­дік компаниялар жұмыс істейді.

1995 жылы мен өңірлік деңгей­де Қазақстан халқы Ассамб­лея­­­сы­ның алғашқы ұйымдық құры­лым­дарын құруға қатыстым, содан кейін 2007 жылдан бастап Қазақ­стандық татарлар мен баш­құрт­тар Конгресінің республикалық қоғамдық ұйымын басқардым.

Қазақстанның татарлары мен башқұрттары, басқа этностардың өкілдері сияқты, Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың нақты құрыл­ған саясатының арқасында бүгінде өмірдің барлық салаларында өздерін де, өздерінің этностарын да лайықты танытуға барлық мүм­кіндіктері бар екенін барынша жауапкершілікпен айта аламын.

Мысалы, Дүниежүзілік татарлар Конгресі төрағасының орынбасары бола отырып, мен Еуропа, Азия, Американың түрлі мем­ле­кеттеріндегі бауырларыммен жиі тілдесемін. Олардың көп­ші­лі­гі үшін Қазақстан халқы Ассам­блеясының қамқор­лығымен әр­бір этнос үшін ана тілін үйренуге бар­­лық жағдай жасағандығы таңға­лар­­лық жаңалық болды. Біздің эт­но­мәдени орталықтарда ширек ға­­­с­ыр­­дан астам уақыт бойы жек­сен­бі­лік мектептер жұмыс істеп келеді!

Біздің бауырлас халқымызды біртұтас дін, дәстүр және туыс тіл біріктіретіндіктен, бұл сабақ­тар ана тілімізді ғана емес, мем­лекеттік қазақ тілін де мең­геруге мүмкіндік береді. Осы­ның барлығы Қазақстанның Татар­станмен экономикалық және мәде­ни байланыстарын дамытуға септігін тигізеді, оған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың жазындағы Қазанға сапары жаңа серпін берді.

Татарстанның астанасында халықтар мен мемлекеттер ара­сындағы бейбітшілік пен дос­тықты нығайтуға қосқан үлесі үшін құрмет пен ризашы­лық белгісі ретінде Нұрсұлтан Назар­баев атындағы көше пайда болғаны да кездейсоқ емес. Оның жайлы гүлзарында екі бауырлас халықтың өзара қарым-қатынасының нышаны іспетті Тайқазанның мүсіндік композициясы орнатылған.

Елбасының даналығы мен көрегендігі 2019 жылы Президент өкі­леттігін өзінің серіктесі Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыруы – бұл мемлекетіміздің сабақ­тас­тығы мен тұрақтылығын білдіретін орасан зор саяси және мемлекеттік маңызы бар оқиға болып отыр.

Қазақстан – біздің ортақ үйіміз және біз көпэтносты елдің біртұтас халқымыз. Сондай-ақ біздің бар күш-жігеріміз кез келген қауіп-қатер мен қыр көр­сетулерді еңсе­руге қабі­летті біртұтас және ұйым­шыл Қазақ­стан халқын қалып­тас­тыруға ба­ғыт­талған. Дәл осы мақ­саттар мен мін­деттер әр кезең­де жаңа дең­гейге шыға оты­рып, әрқа­шан тұ­рақ­ты даму үстін­дегі Қазақ­стан халқы Ас­самблея­сының қызметінде басым.

Әрқашан Қазақ жерінің аспаны ашық, Қазақстан Респуб­лика­сының Тұңғыш Президенті – Елбасы негізін қалаған халықтың бірлігі ұзағынан болсын және мемлекетіміздің экономикасы қарыштап дами берсін!

 

Тауфик Каримов, 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық татар және башқұрттар Конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы