Қоғам • 12 Қараша, 2020

«Жапырақ жауған күз» Жетісулық 7 ақынның кеші өтті

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы облыс­тық драма театрында жергілікті 7 ақынның өлең­дері оқылды. «Жапырақ жауған күз» атты поэти­­калық әдеби-сазды кеште өңірге белгілі шығар­­машылық иелері сахналық қойылым қойып, көрер­менге жырдан шашу шашты.

«Жапырақ жауған күз» Жетісулық 7 ақынның кеші өтті

Жетісулық ақындар Жұ­матай Оспанұлы, Айнұр Төлеу, Сағыныш Намаз­ша­мова, Гүлбақыт Қасен, Жан­гелді Немеребай, Әмина Адайхан және Салтанат Құ­­мархан өлеңдерінен құ­ралған поэтикалық кеш ерек­ше өтуімен де көрермен есінде қалды. Әдеби кеш сах­­налық көрініспен астасып, ән айтылды, күй шер­тілді.

– Қашанда қазақ жеті санын кие тұтқан. Біз де осынау рухани шараға Же­тісу жұртын жақұт жырымен тербеп келе жатқан жеті бірдей жұлдызы жоғары ақынды кейіпкер етіп отырмыз. Бір тиын қаражатсыз өткен осынау шырайлы шара бәрімізді тебірентті. Көңіліміздің зерлі зеңгірін кеңейтіп, рухымызды асқақ­татты, – деді кеште сөз ал­ған облыстық мәдениет, ар­хивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев.

 

Алматы облысы