Теннис • 12 Қараша, 2020

Турнирді жеңіспен бастады

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Кэри қаласында өтіп жатқан теннистен ATP Challenger аясындағы турнирде жерлестеріміз жұптық кездесулерін сәтті бастады.

Турнирді жеңіспен бастады

Александр Недовесов пен Андрей Голу­бев бірінші кездесуде Трит Хьюи (Филип­пин)/Роберт Галлоуэй (АҚШ) жұбы­нан басым түсті. Кездесу 1:6, 6:4, 7:10 есебі­мен аяқталды. Келесі кезеңде отандық теннис­шілер Денис Новиков (АҚШ)/Теймураз Габашвили (Ресей) жұбымен ойнайды.

Польшалық Питер Поланскимен жұп­тасып өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Попко да жеңіске жетті. Олар Роберто Сид Суберви (Доминикан Рес­пуб­ликасы)/ Даниэль Элаи Галан (Колум­бия) жұбынан айласын асырды.