26 Қараша, 2013

ҚХДР-да оңтүстіктегілердің телехабарын көрген 80 адам атылды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 11 - RasstrelКХДР билігі Оңтүстік Кореяның телехабарларын көргені үшін 80 адамды өлім жазасына кесті. Бұл туралы Rbc.ua хабарлады.

«Russia Today» телеарнасы Солтүстік Кореяда шетел телехабарларын көргені үшін 80 адам халықтың алдында атылғанын мәлім етті. Жазалау шаралары жергілікті стадиондарда жүзеге асырылған. Тиым салынған шетел телехабарларын көрумен қатар, олардың кейбіріне жезөкшелікпен айналысты деген айып тағылған.

Оңтүстік Кореяның «JoongAng Ilbo» газеті жазғандай, өлім жазалары Солтүстік Кореяның жеті қаласында орындалған. Жазалардың куәгері ретінде 10 мың адам қатысқан. Олардың ішінде балалар да бар. Газеттің ақпарат көзі ҚХДР билігінің адамдарды өлім жазасының куәгері болуға күштегенін алға тартады.

Ким Чен Ынның республиканы басқару кезеңінде адамдарды жаппай өлім жазасына кесу көбейіп кетті. Соңғы рет мұнда тамыз айында бір топ әртісті халық алдында жазалаған еді. Жазаға ұшырағандардың арасында Ким Чен Ынның бұрынғы сүйіктісі де болған көрінеді. Оған порнофильмдерді таратты деген айып тағылған.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Rbc.ua

Соңғы жаңалықтар