26 Қараша, 2013

Мәскеуде Сочидегі Олимпиялық ойындарға билет сататын басты орталық ашылды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 11 - olimpia bilet ortМәскеуде Сочидегі қысқы Олимпиялық ойындарға билет сататын басты орталықтың ашылу салтанаты болып өтті. Бұл туралы Vesti.ru хабарлады.

Орталық Охотный ряд көшесіндегі «Мәскеу» галереясының бірінші қабатында орналасқан. Ол жерден алдын-ала тапсырыс бойынша немесе жақында сатылымға қойылған билеттерді сатып алуға болады.

Салтанатты шараға 2010 жылғы қысқы ойындардың қола жүлдегері Оксана Домина қатысты.

Ойындардың рекордтық мөлшерінің арқасында Сочидегі Олимпиялық ойындардың билеттік бағдарламасы қысқы ойындар тарихындағы ең ауқымды бағдарламалардың бірі саналады. Билет сатылымының бірінші кезеңі 2013 жылғы 7 ақпаннан 31 мамырға дейінгі аралықта жүзеге асты. Ал 10 қазаннан бастап интернет арқылы тапсырыс беру жүйесі жаңартылды. Енді Олимпиялық ойындардың басталуына дейін билеттерді tickets.sochi2014.com ресми сайты арқылы немесе Мәскеу мен Сочидегі басты билет орталықтарынан сатып алуға болады.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Vesti.ru

Соңғы жаңалықтар