Жоба аясында саясаттанушылар мен сарапшылардың қатысуымен диалог алаңы, онлайн семинар-тренинг, сондай-ақ мектеп қатысушылары арасында онлайн-дебат ұйымдастырылады.
Жас саясаттанушылар мектебі «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастыруымен өтеді.
Жобаға қатысуға еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық дамуына қызығушылық білдіретін белсенді жастар шақырылады.
Жас саясаттанушылардың онлайн мектебіне қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркелуге болады.