26 Қараша, 2013

Майкл Макфол: Ресей мен АҚШ ынтымақтастығы күшейеді

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 11 - AKW elshisi«Ресей мен АҚШ делегацияларының тығыз ынтымақтастығының арқасында Женевадағы «алтылық» пен Иранның келіссөздері сәтті аяқталды», – деді Ресейдегі АҚШ елшісі Майкл Макфол. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Біз бұны тарихи сәт деп ойлаймыз. Ресеймен тығыз жұмыс жүргізілмегенде мұндай келісімге қол жеткізбейтін едік», – деп мәлімдеді АҚШ елшісі.

Майкл Макфол халықаралық күн тәртібіндегі өзге де мәселелер бойынша Ресей мен АҚШ-тың біржақты ойда болғанын ескеріп өтті. «Ресей мен АҚШ көшбасшыларының соғыстардың тоқтатылуы жөніндегі ойлары сәйкес келеді, екі ел арасында терроризммен күрес саласындағы ынтымақтастық күшеюде», – деді ол.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар