Арнайы жасақ сарбаздарымен жүргізілген операция кезінде үш азамат қолға түскен. Ұсталғандардың үшеуі де Алматы облысының тұрғындары екен. Олардың екеуі бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. Күдіктілер осыдан бір күн бұрын Қабанбай батыр көшесінде орналасқан пәтерлердің біріне ұрлыққа түскеннен кейін ұсталды. Оңай ақшаға құныққан олар ақша мен құнды мүліктерді алып кеткен. Ұрланған заттар тәркіленді, қаскөйлер оларды сатып үлгермеген.
Алдын ала деректер бойынша олардың Алматы қаласының аумағында жасалған 11 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды.