Қазақстан • 12 Қараша, 2020

"Еңбек" бағдарламасын іске асыруға 4 жыл ішінде 547 млрд теңге бөлінді

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біржан Нұрымбетов "Еңбек" бағдарламасын іске асыруға 4 жыл ішінде 547 млрд теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Еңбек"  бағдарламасын іске асыруға 4 жыл ішінде 547 млрд теңге бөлінді
"Мұның барлығы нақты мақсатқа қарастырылған қаржы. Сәйкес қаражаттың 83%-ға қатысушыларға несиелер, гранттар, субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілгендерге жалақы, қоныс аударушыларға көшуге және тұрғын үйді жалға беруге субсидия түрінде, стипендия ретінде "өз қолдарына" беріледі.
 
Қалған сома білім беру ұйымдарына бағытталады, сондай-ақ қоныс аударушылар үшін тұрғын үй салу және сатып алу бойынша шығындар да өтеледі.
 
Жалпы қаржының 63%-ы кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалады. Себебі бұл қадам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға ықпалын тигізеді", деді министр.