Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Есірткі заттарын тасымалдауға жол берілмеді

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есірткі заттарын тасымалдауға жол берілмеді, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Есірткі заттарын тасымалдауға жол берілмеді

11 қарашада шекарашылар «Жаңа Жол» (СҚО) автомобиль өткізу пунктінде шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде (қол жүгін тексеру, өсімдік тектес заты бар, жасыл-қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар Қағаз түйіншекті) есірткі заттарын (гашиш) тасымалдауға әрекет жасағаны үшін Қазақстан азаматын ұстады.

Аталған азамат және есірткі заттары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаментіне берілді. ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері есірткі заттарын тасымалдауға жол бермеу мақсатында өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуге бағдарланған.