Қазақстанда үстіміздегі жылдың 12 қарашасындағы жағдай бойынша, 118 491 науқас тіркелді, оның ішінде 108 632 науқас сауығып шықты, бүгінгі күні 7941 науқас емделіп жатыр, 1899 адам қайтыс болды Орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов осындай мәліметтерді келтіріп өтті.
Оның айтуынша, 39 545 COVID-19 (ПЦР-) жағдайы тіркелген. Соңғы тәулікте 188 жағдай анықталған.
«Сонымен қатар, соңғы 2 аптада өңірлерде ковидпен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Аурудың өсуі барлық аймақтарда тіркелген. Өткен аптамен салыстырғанда ауру 1,7 есе өсті. Жалпы республика бойынша сырқаттанушылықтың 45%-ы Шығыс Қазақстан облысында тіркелген (3912-нің 1755-і). сырқаттанушылықтың айтарлықтай өсімі Қостанай облысында - 4 есе, Батыс Қазақстан облысында - 3,2 есе, Павлодар облысында - 2,7 есе», - деді Қиясов.