Хоккей • 13 Қараша, 2020

ҚХЛ-дің антирекордын қайталады

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың «Барыс» командасы тұрақты бі­ріншіліктің кезекті тур ойынында «Локомотив» клубымен кездескен бо­латын.

ҚХЛ-дің антирекордын қайталады

Сол матчтың бірінші 20 минутында қарсылас команданың қақпасына бар-жоғы екі соққы жасаған Юрий Михайлис шәкірттері ҚХЛ-дің осы маусымдағы анти­рекордын қайталады. Бұған дейін Мәскеудің «Динамо», «Спартак» және Ярославльдің «Локомотив» ұжымы бір кезеңде екі соққы жасаған-ды. Енді бұл қатарға Қазақстанның «Барыс» клубы қосылды. Кейінгі орындарда ЦСКА мен «Спартак» командалары тұр. Олар 20 минутта үш соққы жасаған.

Айта кетейік, «Локомотивпен» өткен ойында жерлестеріміз айдын иелерінен 7:2 есебімен жеңіліп қалған еді.