Аймақтар • 13 Қараша, 2020

Атырауда автобус 61 жастағы азаматты басып кетті

823 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға кеше, 12 қазанда сағат 10:00 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда автобус 61 жастағы азаматты басып кетті

"Атырау қаласының "Авангард" шағынауданындағы аялдамада "Ankai" маркалы маршруттық автобус 1959 жылы туған азаматтың аяғын басып кеткен. Автобустың 50 жастағы жүргізушісі бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні байқамай қалған. Жедел жәрдем  дәрігерлері жарақат алған азаматты облыстық ауруханаға жеткізді", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір оқыс оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.