Аймақтар • 13 Қараша, 2020

Нұр-Сұлтанда бір түнде 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, 12 қарашада елордада бір күн ішінде (айлық норма 28 мм болса) 7,0 мм қар түсті. Қар тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылды.

Нұр-Сұлтанда бір түнде 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қаланың барлық аудандарынан 5 мың м3-ден астам қар шығарылды.

"12-13 қарашаға қараған түні жолдарды, тротуарларды, алаңдарды және қаланың басқа да қоғамдық аумақтарын тазалауға 880-нен астам арнайы техника жұмылдырылды. 12 қарашадан 13 қарашаға қараған түні 17 мың м3-ден астам қар шығарылды", - делінген хабарламада.

13 қарашада қаланы тазалау жұмыстарына 900-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Аумақтарды тазалауға 1 800-ден астам жұмысшылар қатысты.

Қар қаланың барлық аудандарында орналасқан 11 полигонға шығарылады.

Бұған дейін ТЖД көктайғақ кезінде негізгі сақтық ережелерін еске салған болатын. Құлау қаупін азайту үшін келесі ережелерді сақтау керек: биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, шағын кеуекті табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз. Жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз. Тегіс емес мұз қатқан барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Қолдарыңыз мүмкіндігінше бос болуы керек, ауыр сөмкелер ұстамаңыз, қолыңызды қалтаңызға салып жүрмеңіз, бұл құлау ықтималдығын арттырады. Егде жастағы адамдарға резеңке ұштығы бар таяқ немесе ұштары бар арнайы таяқ қолдануға кеңес беріледі.