Технология • 13 Қараша, 2020

ABAI.ONLINE жобасы көпшілікке жол тартты

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында физика-математика бағытында білім алатын Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары – Аманмырза Жүсіпхан мен Абжанов Алиханның ABAI.ONLINE атты авторлық жобалары көпшілікке жол тартты, деп хабарлайды Egemen.kz

ABAI.ONLINE жобасы көпшілікке жол тартты

Бұл платформаның көмегімен мектеп оқушылары IT саласындағы мамандар тапшылығын едәуір азайтып, заманауи әлеуетті арттырсақ дейді. Веб-сайттың жалпы интерфейсі жастарға арналған. Ең бастысы, осы салаға ниет білдірген әрбір тіркелуші ABAI.ONLINE қауымдастығына мүше бола алады.

Жоба авторларының айтуынша, олар республиканың түкпір-түкпіріндегі жастардың IT саласына қызығушылық танытатына сенімдері мол. Себебі әлемдік аренада, әсіресе, ақпараттық технология заманында еліміздің бәсекеге қабілетті, әрі ұтқыр шешімдер қабылдайтын жастардың қалыптастынына үміттері зор.

Ab.ai – программалауды тəлімгерлік оқытуға арналған Қазақстандағы ең ауқымды платформа. Бұл жоба IT саласында білім беріп жүрген әр аймақтың мұғалімдері мен оқушыларын бір ортаға тоғыстырады.  

Ab.ai – бір мақсатқа мүдделес адамдар қауымдастығын құра отырып, болашағы жарқын мамандықты даярлауды көздейді.

Кез келген тіркелуші аталған қауымдастыққа тегін тіркелуге мүмкіндігі бар.