Білім • 15 Қараша, 2020

Жамбылда II тоқсанда оқушылар дәстүрлі оқуға көшеді

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы Білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенова II тоқсаннан бастап 1-5 сынып оқитын 59 090 оқушы дәстүрлі оқуға көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбылда II тоқсанда оқушылар дәстүрлі оқуға көшеді

Спикердің сөзінше, биыл интернет игілігімен 46 елді мекенді қамту жоспарланған. Бүгінде 24 ауылда актив мобилдік интернет желісіне қосылған. Бұл игілікке өзге де ауылдар қол жеткізу үшін ауыл тұрғындарының саны 250 немесе одан көп болуы шарт.

"Айта кетейік, аймақта интернеті жоқ 130 елді мекен бар. Сондықтан онда орналасқан 123 мектептің 113-і дәстүрлі оқуға көшірілген. 10 елді мекендегі 10 мектеп мобильді операторлары арқылы жұмыс жасауда. Жыл басталғалы жалпы облыста 442 мектепте 238 682 оқушы білім алуда. Соның ішінде бірінші тоқсанда 229 мектепте 147 873 оқушы қашықтықтан оқыды. Бұл облыс оқушыларының 62 пайызын құрайды", деді Г.Ходжабергенова. 

Сондай-ақ басқарма басшысы 213 мектепте 31 975 оқушы дәстүрлі түрде білім алғанын айтты. Енді оқу жылының ІІ тоқсанынан бастап 1-5 сынып оқитын 59 090 оқушы дәстүрлі оқуға көшеді. Ал 215 мектепте 144 108 оқушы қашықтықтан білім алатын болады.