Елорда • 15 Қараша, 2020

2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының елді мекеніне ауыз су жеткізіледі

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың бірқатар елді мекенінде инфрақұрылымды дамыту мәселелері бар. Интернациональный елді мекенінде бірінші кезекте жарықтандыру, аялдамалар орнатылып, автобус маршруттарының қосымша саны іске қосылады. Қазір магистральды су құбыры құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының елді мекеніне ауыз су жеткізіледі

Магистралды су құбыры аяқталғаннан кейін, кварталішілік желілер үйлерге өткізіледі. Бұл жұмыстарды 2021 жылы аяқтау жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды.

"Елордада 16 елді мекен бар. Оларды орталықтандырылған дамытудан басқа, ауыз су, кәріз, жарықтандыру, жолдар салу және т.б. мәселелерді шешу қажет. Аудан тұрғындары жарықтандыру, нөсер және шаруашылық кәріздерін жүргізу, интернет, газдандыру, жолдарды, тротуарларды асфальттау және т.б. сияқты инфрақұрылым мәселелерін көтерді.

Бірінші кезекте жарықтандыру, аялдамалар орнату, автобус маршруттарының қосымша санын іске қосудан бастаймыз. Тұрғындарда орталықтандырылған ауызсу берілмегенін ескере отырып, біз магистральды су құбырының құрылысын бастадық. Магистралды су құбыры аяқталғаннан кейін, кварталішілік желілерді үйлерге өткізуге кірісеміз. Бұл жұмыстарды 2021 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жолдарды асфальттауға кіріспес бұрын, кәріз және газдандыру жұмыстарын аяқтаймыз. Биылғы жылыту маусымында бірқатар елді мекен газға көшіріле бастайды. Процесс бірнеше кезеңге бөлінген. Айтылған кездесуде тұрғындар көтерген мәселелер жоспарға алынды.

Осындай кездесулерді барлық елді мекендерде өткізіп, қала тұрғындарының ұсыныстарын қаланы дамыту жоспарына енгіземіз. Тұрғын үй алаптарын дамыту мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында", деп жазды Алтай Көлгінов.