Футбол • 16 Қараша, 2020

24 команда анықталды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада пандемияға байланысты келесі жылға қалдырылған футболдан Еуропа чемпионатының соңғы төрт жолдамасына иелік еткен төрт команда белгілі болды.

24 команда анықталды

Плей-офф кезеңінің шешуші бәсекесінен кейін Мажарстан (Исландия, 2:1), Солтүстік Македония (Грузия, 1:0), Шотландия (Сер­бия, 1:1 пенальти бойынша – 5:4) және Словакия (Солтүстік Ирландия, 2:1) құра­малары турнирдің финалдық бәсекесіне қаты­суға мүмкіндік алды. Осылайша, кәрі­құрлық біріншілігінің финалында өнер көрсететін 24 команда белгілі болды.

Сөйтіп 2020 жылғы Еуропа чемпиона­тының А тобында – Түркия, Италия, Уэльс, Швейцария, B тобында – Дания, Финлян­дия, Белгия, Ресей, C тобында – Нидер­ланд, Украина, Аустрия, Солтүстік Маке­дония, D то­бында – Англия, Хорватия, Шот­ландия, Чехия, E – тобында Испания, Шве­ция, Польша, Сло­вакия және F тобында Мажарстан, Португалия, Франция, Германия құрамалары бақ сынайды.