Парламент • 16 Қараша, 2020

Азық-түлік тапшылығы ұлғаюы мүмкін

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Тұрақты комитетінің отырысына қатысты, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Азық-түлік тапшылығы ұлғаюы мүмкін

Бейнеконференция байланысы сипатында өткен отырыс барысында коронавирус пандемиясы жағдайындағы ұйымның қазіргі қызметі туралы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Георгий Церетелидің және Бас хатшы Роберто Монтелланың ақпа­ра­ты тыңдалды. Карантин шаралары­на қарамастан, ЕҚЫҰ сайлауды (АҚШ, Грузия, Черногория және та­ғы басқа елдердегі) байқауға қатысу жөніндегі жұ­мыс­тарды белсенді түрде жалғас­тырып отыр. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясының төр­ағасы, сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан мен Қыр­ғыз­станда бола­тын сайлауға мониторинг жүргізу жөнін­дегі алда тұрған жұмыстарды атап өтті.

БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдар­ла­масының (WFP) атқарушы директоры, 2020 жылы Нобель сыйлығын алған Дэвид Бизли негізгі баяндамашы ретінде COVID-19 таралғаннан кейін халықтың табысы төмен елдерде азық-түлік тапшылығы қиындай түсетіні туралы айтты.

«2020 жыл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі азық-түлік қауіпсіздігі мен гуманитарлық дағдарыс тұрғысында ең ауыр жыл болды. Коро­навирус пандемиясына байланысты аштыққа душар болатын адам саны 135 миллионнан 270 миллионға дейін өсті», деді Дэвид Бизли.

WFP атқарушы директоры елдерді COVID-19 әсерінің басқа да мәселелеріне, атап айтқанда денсаулық сақтау жүйесі мен азық-түлік тапшылығы арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттігіне назар аударуға шақырды.