Саясат • 16 Қараша, 2020

Азия парламентшілерінің форумына қатысты

138 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Халық қоныстануы мен дамуы жөніндегі Азия парламентшілерінің форумына белсенді қатысуды одан әрі жалғастыру туралы ниетін Мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исимбаева айтты.

Азия парламентшілерінің форумына қатысты

Бұл туралы ол бейнеконференция форматында өткен Азия парламентшілері форумы Атқарушы комитетінің 89-шы отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Гүлмира Исимбаеваның ай­туынша, ұйым қызмет еткен жылдар ішінде тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бо­йынша заңнамалық база­ны қа­лыптастыру және кеңей­ту мә­се­лелері бойынша көпте­ген жұ­мыс атқарды. Бұл Парла­мент өкіл­дерінің Азия өңірін­дегі халық саны мен даму проб­ле­мала­рын шешуге қосқан қомақ­т­ы үлесі.

Жиын барысында Мәжіліс Төр­ағасының орынбасары парла­ментшілердің жастарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аудар­ғанына тоқталып, 2018 жылы Қазақстан астанасында «Жастарға – инвестиция» атты халықаралық конференция ұйымдастырғанын атап өтті.

Мәжіліс вице-спикері Қазақ­стан­ның ұлттық, өңірлік және жаһан­дық деңгейде халықтың қоныс­тануы мен орнықты даму проб­лемаларымен айналысатын барлық халықаралық ұйым­дармен белсенді ынтымақтастық орнатқанына назар аударды.

Гүлмира Исимбаева Азия-Тынық мұхиты өңірінің халық саны мен демографиясы мәсе­лелері бойынша деректер базасын құру, ортақ заңдылықтар мен ерекшеліктерді анықтау, демографиялық проблемаларды шешуде тәжірибе алмасу және жинақтау мемлекеттерге алдын алу шараларын қабылдауға және сол арқылы көптеген әлеуметтік проблеманы болдырмауға мүм­кіндік беретініне тоқталды.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары пандемия кезіндегі күрделі экономикалық жағдайда әлеуметтік-экономикалық бағ­дарламалар Қазақстандағы мем­лекеттік саясаттың басым бағыты болып отырғанына назар аударды. Осыған сәйкес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына қолдау көрсету және жұмыс орындарын сақтау үшін шаралар кешені әзірленгенін атап айтты.

Бейнеконференция форматында өткен отырыста Азия пар­ламентшілері форумының төр­ағасы Кейзо Такими және ұйым­ның уақытша атқарушы директоры Кийоко Икегами құттықтау сөз сөйледі.

Жиын барысында қаты­су­шылар ұйымның қызметі туралы есепті, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарларды тал­қылады, деп хабарлады Мәжі­лістің баспасөз қызметі.