Аймақтар • 16 Қараша, 2020

Қайыңдыға көпір түсті

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көпір салу - сауапты іс екенін ежелден білеміз. Жуықта Көкпекті ауданы, Қайыңды ауылын екіге бөліп ағып жатқан өзенге жаңа көпір салынды.

Қайыңдыға көпір түсті

Соңғы уақытта жергілікті тұрғындар мен жолаушылар Қайыңды ауылындағы өзенге көпір керектігін жиі айта бастаған. Айтатын жөндері де бар еді. Ескі көпір 1970 жылы салынып, он жыл өткен соң қайта бір биіктетіп жөнделген. Сол уақыттан бері ауылдың екі жағын жалғап келе жатқан көпірдің материалдары шіріп, тозығы әбден жеткен. Көліктердің өтуіне қауіп төнген соң тұрғындар мәселе көтере бастаған.

Орынды көтерілген мәселеге құлақ асқан Көкпекті ауданының басшылығы бюджеттен қаржы бөліп, құрылысқа кірісті. Жеке кәсіпкер Самарқан Жотабаев өзінің техникаларын жұмылдырып, нысанның салынуына үлкен қолдау көрсетті.

Көпірдің ұзындығы 11, ені 4,60 метр. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған қосымша жолағы бар. Тұрғындардың игілігі үшін салынған бұл өткел темірден құрастырылғандықтан, сапалы әрі қауіпсіз.

Жаңа нысан ауылдықтар үшін өте маңызды болғандықтан, салтанатты түрде лентасы қиылып, құтты болсын айтылды.  

 66

Шығыс Қазақстан облысы