Автоәуесқойлар қоғамы, әскери автомобиль инспекциясының қызметкерлерін және қалалық ІІД полиция қызметкерлерін тарта отырып, ұйымдастырған автотехниканы алдын ала тексеруден кейін, кейбір әскери қызметшілердің автокөліктеріне маусымдық қызмет көрсетуді жүргізу бойынша ескертулер жасалды және автокөліктің техникалық жай-күйін тиісті жай-күйде ұстауы бойынша ұсынымдар берілді.
Тексеру барысында автокөлік иелерінің құжаттары, қысқы резинаның, дәрі қобдишасының, өрт сөндіргіштердің және авариялық тоқтату белгілерінің болуы мен жай-күйі тексерілді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға, қозғалысқа қатысушылардың мәдениетін қалыптастыруға, көлік жүргізушілерінің тәртіптілігін, өз мінез-құлқы үшін борыш пен жеке жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған.