Әлем • 17 Қараша, 2020

Токио олимпиадасы 2021 жылдың жазында өтеді

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио олимпиадасы  көрермендердің қатысуымен 2021 жылдың жазында өтеді. Бұл жөнінде халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах мәлімдеді.

Токио олимпиадасы 2021 жылдың жазында өтеді

Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга мен Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах 2021 жылы Токио олимпиадасы көрерменнің қатысуымен өтетінін мәлімдеді.

Губернатор Юрико Коикэ Токио коронавирусқа қарсы шаралар әзірлеу үшін, көрерменнен 4 жылда бір өтетін әлемдік шараны қауіпсіз тамашалау үшін бар күшін салатынын айтты. Бұған дейін Олимпиада коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген болатын.

Айта кетейік, олимпиада 2021 жылдың 23 шілдесінде басталып, 8 тамызда мәресіне жетеді.