Саясат • 17 Қараша, 2020

Министр Беларусьтің Қазақстандағы елшісін қабылдады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Беларусьтің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі  Павел Утюпинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр Беларусьтің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сұхбатшысын лауазымына тағайындалуына орай құттықтай отырып, екіжақты қарым-қатынастардың арттыруына өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Тараптар көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды және саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын жандандырудың өзекті мәселелерін талқылады.