"Қалған мектептерде санитарлық дәрігерлердің талабы бойынша оқыту аралас форматта жүргізіледі: ата-аналардың өтініші бойынша мектепалды, бастауыш және 5-сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Бірақ әр өңір бойынша нақты шешімді жергілікті санитар дәрігерлер қабылдап, рұқсат береді.
Егер бала кезекші сыныпта оқитын болса, онда барлық тапсырма бұрынғыдай қалыпты форматта беріледі. Яғни, бала сыныпта оқиды, ал үй тапсырмасын үйде оқулық бойынша орындайды.
Қосымша ресурс ретінде қолжетімді білім беру платформаларындағы контентті қалай пайдалану керектігін әр мұғалім өзі таңдайды. Дегенмен үй тапсырмасының көлемі бекітілген нормадан тым көп болмауы қажет.
Білім министрлігі белгілі бір платформаны пайдалану бойынша талаптар қоймайды. Білім беру платформасын мектеп әкімшілігі өзі таңдайды", делінген Білім министрлігінің сайтында.