Абай • 18 Қараша, 2020

Абай атындағы амфитеатр

489 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Адамзаттың даму тарихында амфитеатрдың алатын орны ерекше екен. Өйткені, ғаламшардағы өркениеттің өрістеуі мен кісінің рухани, мәдени өсу іздері де осы ашық аспан астындағы қойылым аренасының баспалдақтарында жатқандай. Ал дүние жүзіндегі ең алғашқы көрермен жиналатын орын ежелгі Римде пайда болғаны белгілі.

Абай атындағы амфитеатр

Біздің заманымыздан бұ­рынғы күнтізбеге салсақ, им­пе­рияның дәуірлеп тұрған ша­ғындағы тұңғыш амфитеатр 1929 жылы ашы­лыпты. Әуел­гіде кеспелтек ағаштан құрасты­рылып, император жарлығын дауыстап оқу үшін қолданылған дөңгелек орын біртіндеп басқа да жалынды сөз айтатындар мен семсерлесу өнерін сынайтын алаңқайға айналыпты. Ке­ле-келе көрер­мендер жиналып, алқа қотан тұрып тамашалай бастаған. Айтпақшы, бұл құ­рылыстың «кіндік әкесі» Тит Ста­тилий Тавр есімді әскери шенеунік әрі императордың консулы болған дейді. Осының құрметіне болар, қазіргі жазба тарих Титтің «туындысын» Статилио Тауро амфитеатры деп атайды. Өкініштісі, отыз жыл­ға жуық көрермен көзайымы бол­ған аренаға қыр­сық шалған күні от тиіп, қураған ағаштың түгі қалмай жанып кеткен-мыс. Ал мемлекет құры­лы­мының ал­тын дәуірі ғасырларға со­зыл­­ған Рим империясындағы рес­ми амфитеатр біздің зама­ны­мызға дейінгі 1970 жылдары Помпей қала­сында ашылған екен. Ашық аспан астындағы ғи­мараттың көрермендерге ың­ғайлы дөңгелек баспалдақ орын­дықтарынан бөлек, үлкен ай­қас алаңы, шаруашылық бөл­меле­­рі, жауынгерлер мен аттар­ды кү­­тіп, баптауға арналған қо­­салқы құ­рылысы да болған. Амфи­театр­ға бір мезетте 20 мың адам сы­йып кет­кен деген дерек бар.

Жалпы, империя тари­хын­дағы амфитеатрлардан қазіргі күнге аман жеткені – Колизей. Тек мұның бәрі қарт құрлық­та­ғы көне жұрттың тарихы бол­ған­дықтан тым тереңдеудің реті жоқ, одан да өзіміздегі ны­сан­дарға оралайық. Мысалға, жақында Текелі қаласының ор­та­лық саябағында шыт жаңа амфитеатрдың ашылу салтанаты өтті. Әрі Ұлы Абайдың 175 жыл­дық мерейтойы аясында бой көтерген нысанға данышпан­ның есімі берілді. Амфитеатрдың құрылыс жұмыстары жергілікті бюджет есебінен жүзеге асқан екен. Аумағы 228 орындыққа арналған ашық аспан астында орналасқан амфитеатр – тұрғын халық пен өнер мәдениетінің алтын көпіріне айналып, талантты, дарынды өнерпаздардың шығармашылығын дамытатын арена болары анық.

Амфитеатрдың салтанат­ты ашылуына қа­тысқан Теке­лі қаласы әкімінің орынба­са­ры С.Бо­лыс­байұлы, қала­лық мәс­лихат хатшысы Н.Ка­ли­нов­ский және «Атамекен» кә­сіпкерлер ­па­латасы филиалы­ның директоры Т.Жұмәділов тұсау­кесер рәсімін жасап, қа­лалық Аналар кеңе­сінің төр­айымы Э.Иманбердиева ыс­тық ле­бізін білдірді. Әрине, қа­лып­тасқан жағдайға орай бар­лық санитарлық нормалар сақталып,  ұйым­дастырылған өнер кешінде Мәдениет үйі­нің көр­кемөнерпаздары мен білім ордаларының жас­тары Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін оқып, ұлы ақын әндерін әуелетті.

 

Алматы облысы