Оқиға • 18 Қараша, 2020

Рекордтар...

286 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

64 мың

Грузин футболшысы Годердзи Махарадзе 1996 жылы 26 мамырда 8 сағат 12 минут 25 секунд бойы 64 мың рет допты жерге түсірмей басымен қақпақылдап (жонглер) Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Рекордтар...

1 275 минут

Футбол шежіресінде ең сенімді қақпашы атанған «Ат­­ле­тико» (Мад­рид) команда­сының қақпашысы Эйбл Ре­си­но (суретте) үлкен жарыс­тар­да 1275 ми­нут бойы өз қақ­­па­сына бір­де-бір доп жібермеген.

 

Алып қақпашы

Ағылшын құрамасының бұ­рын­ғы қақпашысы Вилли Ген­ри Фулктың бойы 190 см, салмағы 165 кг болған. Бір­­де ол байқаусызда өз қақ­­пасы­ның жоғары көлденең штан­гасын сындырып алып, ойын уақытша тоқтатылған.

 

199 854 көрермен

Рио-де Жанейро қаласының «Маракана» стадионында өткен Бразилия мен Уругвай футбол командаларының ойынын (әлем чемпионаты) 199 854 көрермен тамашалаған.

 

Ең көп тәртіп бұзған ойын

Ең көп тәртіп бұзған ойын 1993 жылы 1 маусымда Парагвайда өткен. Төреші 20 футболшыны алаңнан қууға мәжбүр болған екен.

 

36 гол

1885 жылы 5 қыркүйекте Шотландия кубогы үшін сайыста «Арброут» командасы қарсыласының қақпасына («Бон Аккорд» командасы) 36 доп енгізіп, рекорд жасаған.

 

Бір өзі – 16 голдың иесі

«Рэсинг Клаб де Ланс» командасының шабуылшысы Стефан Станис «Обри-Астюри» командасымен кездесу кезінде бір өзі 16 доп енгізіп, рекорд жасаған.

 

Төрт рет хет-трик

Жапондық «J» лигасындағы «Жубила Ивата» командасының ойыншысы Масаши Накаяма 4 кездесудің әрбірінде хет-трик жасап, ерекше көзге түскен. Ол 1998 жылы 15 сәуірде «Серезо Осака» қақпасына 5 гол, үш күннен кейін «Санфреккс Хирошима» қақпасына 4 гол, арада бір аптадан соң «Ависпа Фукуока» қақпасына тағы да  4 гол, 29 сәуірде «Консадоле Саппоро» қақпасына 3 гол енгізіп жерлестерін таңғалдырған.