Әдебиет • 18 Қараша, 2020

Жамбыл жырларын жатқа оқыды

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармаларын жұртшылыққа кеңінен насихаттау мақсатында Тараз қалалық Ы.Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінде өзге ұлт өкілдері арасында ақын жырларын жатқа айтудан «Жамбыл жырлары» атты облыстық байқау өтті. Аталған байқауды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы ұйымдастырды.

Жамбыл жырларын жатқа оқыды

Мәдени шараның шымылдығын Ақпарат саласының үздігі, қазылар ал­қасының төрағасы Қалыбек Атжан сөз сөйлеп ашып, келесі жылы Жамбыл Жабаев­тың 175 жылдығы екенін, алайда ұлы той Әулиеата жерінде биылғы жылғы қараша айынан басталып кеткенін, бұл байқау алдағы көктемде халықаралық дәрежеде жалғасын табатынын айтты. Сондай-ақ жас айтыскер Дидар Апбасов жырдан шашу шашса, әнші, Мәдениет саласының үздігі Мәдина Сағынбекова Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім!» әнін нақышына келтіре орындады.

Байқау шарты бойынша үміткерлер Жамбыл жырларын мәнерлеп жатқа оқып, халық әндерін орындады. Тілі басқа болса да тілегі бір үміткерлер ұлы жыраудың «Кәмшат қыз», «Бұрымға», «Белсенділер», «Алғыс», «Отанды сүй», «Қайта келген жастық шақ», «Артықша туған азамат», «Балаларға» атты өлең­дерін жатқа оқыды. Сондай-ақ «Де­дім-ай-ау», «Угай-ай», «Еркем-ай», «Сәулем-ай» және басқа да халық әндерін шыр­қады. Нәтижесінде, бас жүлдені Жамбыл ауданының үміткері Махаббат Алеханова жеңіп алды. Ал бірінші орынды қордайлық Анель Гончарева иеленсе, екі екінші орынды байзақтық Салтанат Жабаева мен қордайлық Любовь Карченко бөлісті. Сонымен қатар, қордайлық Ти­мур Кимге, Т.Рысқұлов ауданының үміт­кері Жанболат Самарұлына, шулық Сабина Фараджиеваға жүлделі үшінші орын берілді. Ал тараздық Алина Құр­банова, таластық Алина Мамедова, шу­лық Карина Дакаева, жуалылық Зия­да Евлоева сияқты үміткерлер ынталан­дыру сыйлықтарына ие болды. Шара барысында Қордай, Жамбыл, Байзақ аудандарының жетек­шілері де марапатталды. Мұнан өзге қаты­сушы үміткерлерге облыстық білім бас­қармасы, облыстық тілдерді дамыту басқармасы, «Aulieata-media» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Aq jol», «Arai» газеттері және өзге де меке­мелер тарапынан арнайы сыйлықтар та­­ғайындалды. Аталған сыйлықтарды әр­бір мекеменің өкілдері келіп табыстады.

 

Жамбыл облысы