Парламент • 18 Қараша, 2020

Мәжілісте жауапты хатшылар институтын тарату туралы заң жобасы мақұлданды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінде "ҚР Үкіметі туралы" конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәжілісте жауапты хатшылар институтын тарату туралы заң жобасы мақұлданды

Заң жобасын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова оқыды.

"Заң жобасы Мемлекет басшысының жауапты хатшылар институтын тарату туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Қазіргі уақытта жауапты хатшыларды Президент тағайындайды. Олар тиісінше жоғары мәртебеге ие. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін олардың міндеттері аппарат басшыларына жүктеледі. Аппарат басшыларын министрлер тағайындайды, оларға есеп беруге міндеттеледі", деді Анар Жайылғанова Парламент Мәжілісінің отырысында.

Оның айтуынша осыған байланысты "ҚР Үкіметі туралы" конституциялық заңынан жауапты хатшылардың мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормаларды алып тастау және оларды "Мемлекеттік қызмет туралы" заңда аппарат басшыларына бекіту ұсынылады. Заң жобасы талқыланғаннан кейін депутаттар бдауыс беріп, оның қорытындысы бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.