Оқиға • 19 Қараша, 2020

Партия сайлауға дайын

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» халықтық-демо­кратиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XVIII съезі өтті.

Партия сайлауға дайын

Партия съезіне облыстық және қала­лық конференциялардан сайланған делегаттар жинады. Елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты кейбір өңірлердің делегаттары съездің жұмысына онлайн режімде қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының сайлауалды бағдарламасы талқыланды. Партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша жарыссөзде делегаттар сөз сөйледі.

 Болат Багетов шетел азаматтарына жерді сату мен жалға беруге тыйым салу, ауыл инфрақұрылымын дамыту туралы, Юрий Комаров фермерлерге несие мөлшерлерін төмендету, азық-түлік қауіпсіздігі, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қосымша құн салығынан босату қажеттілігі туралы баяндама жасады. Өз кезегінде Дәурен Қуат мемлекеттік тілдің рөлін арттыруға баса назар аудара отырып, ұлттық құндылықтарды жаңғырту, елді мекендерді қазақша қайта атау, сондай-ақ «Қазақ халқының құндылықтарын қорғау туралы» Заңға бастама жасау туралы ойларын ортаға салды. Дәулеткерей Кәпұлы болса, қандастар мәселелері, соның ішінде қандастарды әлеуметтендіру мемлекеттік бағдарламасын қабылдау қажеттілігі, азаматтық алу рәсімдерін жеңілдету және т. б. туралы ұсыныстарын жеткізді.

 «Балалар капиталын» енгізу бөлігінде жаңа әлеуметтік саясатты енгізу қажет­тілігі (мәртебесіне қарамастан барлық бала­ларға 18 жасқа дейін әлеуметтік төлем­дер төлеу) туралы делегат Мейрам­хан Жапектің баяндамасы көпшілік көңілінен шықты.

Съезд шешімі бойынша Парламент Мәжілісі депу­таттығына кандидаттардың партиялық тізімі жасалды.

Партияның кезектен тыс XVIII съезі­нің делегаттары «Ауыл» халықтық-демо­­кратиялық патриоттық партиясынан Парла­мен­т Мәжілісінің депутаттығына кан­ди­­­дат­тардың партиялық тізімін бекіт­ті.