Футбол • 19 Қараша, 2020

Бүгін "Пеленің күні"

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан дәл 51 жыл бұрын, яғни 1969 жылдың 19 қарашасында Бразилияның даңқты футболшысы Пеле өзінің спорттық карьерасындағы 1 000-шы голын соқты, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін "Пеленің күні"

Дәл сол күні әйгілі "Маракана" стадионында өткен "Сантос" пен "Васко да Гама" кездесті. Қос команда да бұл матчқа өте жақсы даярлықпен келді. Көпшілік күткендей, аса шиеленісті өткен бәсекеде таразы басы ұзақ уақыт бойы теңселіп тұрды. Есеп – 1:1. Ойынның 73-минутында "Васко да Гаманың" қорғаушылары өздерінің айып алаңында Клодоалдоны шалып жықты. Төреші еш кідірместен11 метрлік нүктені меңзеді. Қарсы жақ наразылық білдіргенімен қазы өз шешімін өзгерткен жоқ. Нүктеге Пеле келді. Ол оң бұрышты нысанаға алды. Қақпашы доптың бағытын дәл

тапқанымен оны кері қайтара алмады.

Сөйтіп, футбол королі 29 жасында өзінің 1 000 голын соқты. Бұл күн "Пеленің күні" деген атаумен тарихта қалды.