Қоғам • 19 Қараша, 2020

Елдің дамуына қосқан үлесі үшін сыйлығының жеңімпаздары анықталды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаеваның төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйақы беру бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Елдің дамуына қосқан үлесі үшін сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Конкурс комиссиясының құрамына Парламент Сенатының депутаттары Б.Жұмағұлов, Д. Нұржігіт, "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ президенті және коммерциялық емес, корпоративтік және бизнес секторының өкілдері қатысты.

Министр А.Балаева өз сөзінде: "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы - бұл 2017 жылдан бастап мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетігі екендігін атап өтті. Жыл сайын сыйлықтар ҮЕҰ-ға республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін 15 бағыт бойынша беріледі. Айта кету керек, осы жылдар ішінде сыйлықты 185 үкіметтік емес ұйым алды", деп айтып өтті.

Конкурстық комиссияның отырысына 1 кезеңде азаматтық қоғам өкілдері, БАҚ, қоғам қайраткерлерінен құрылған жұмыс тобының 63 тәуелсіз сарапшысымен қаралған 109 өтінім бойынша алдын ала бағалау қорытындылары шығарылды.

Нәтижесінде конкурстық комиссия мүшелері ҮЕҰ сыйлықақыны 38 жеңімпазына беру туралы шешімді қолдады. Олардың есімдері ағымдағы жылдың 27 қарашасында өтетін IX Азаматтық форумның жабылуында айтылатын болады.

Сондай-ақ, Аида Балаева сыйлықақы берудің механизмін жетілдіру, іріктеудің нақты критерийлерін анықтау қажеттілігін айтты.