Экономика • 20 Қараша, 2020

«Алайғыр» қашан ашылады?

531 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды өңірінде «Алайғыр» кен байыту комбинаты салынатын болды. «Алайғыр» бірлескен кәсіпорны» ЖШС аталған жоба бойынша тиісті келісімшартқа қол қойды.

«Алайғыр» қашан ашылады?

Консорциумның құрамына қазақ­стандық үш компания кіреді. Олар – «Темір Зат» ЖШС, «BauProjekt» ЖШС және «MCI Group» ЖШС. Олар жобалық-сметалық құжаттаманы әзір­леп, кен байыту комбинатына арналған жабдықты салуды және жеткізуді жүзе­ге асыратын болады.

– Ашық тендер қорытындысы бо­йынша конкурстық комиссия консор­циумды жеңімпаз деп тапты. Барлық кор­поративтік іс-шара аяқталған соң EPC келісімшартына, яғни жобалау, сатып алу және құрылыс аудандарын жүзеге асыру келісімшартына қол қойыл­ды. Мердігерлер мұндай нысандарда жұ­­мыс істеген. Жұмыс тәжірибелері жет­кі­лікті, – деді «Алайғыр» бірлескен кәсіп­ор­ны» ЖШС бас директоры Данель Сқақов.

Кен байыту комбинатының құры­л­ы­сы кезінде 253 адам жұмыспен қамтылады. Ал пайдалануға берілгеннен кейін нысанда 400-ден астам жұмыс орны құрылады. «Алайғыр» кен байыту комбинатының құрылысына салынған инвестиция көлемі 128,5 млн АҚШ долларына тең.

Қазіргі уақытта 143 шақырым­дық 110 кВ жоғары вольтты желі және 21 шақы­рымдық технологиялық магис­т­раль пайдалануға берілді. Кен байы­ту жұмыстарына дайындық іс жүзін­де аяқталды. Инфрақұрылым нысан­дарының құрылысы жалғасуда. 2022 жылдың соңына дейін кен байыту комбинаты жобалық қуатына жетуге тиіс. Яғни 900 мың тонна кен өндіруі керек.

Еске сала кетейік, «Алайғыр» кен ор­ны Қарқаралы мен Шет аудан­дары­­ның шекарасында, Қарағанды қала­сынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 ша­­қы­­рым жерде орналасқан. Мұн­да по­ли­­металл кен орнын игеру­мен айна­лыса­­ды. Кен ор­нының рас­тал­­ған қоры шама­мен 1 млн тонна қорғасынға тең.