Желтоқсанның басында әлем жұртшылығы жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (ЖИТС) күрес күнін атап өтеді. Бұл кеселге ұшырағандардың қауіпті дертпен өмір бойы күресуге мәжбүр болатыны аз жазылып жүрген жоқ. Ақтөбе облысында 1989 жылдан бастап қазіргі күнге дейін 457 тұрғынның ЖИТС-ке шалдыққаны анықталды.

Қазіргі кезде Ақтөбе облысы еліміз бойынша осы қауіпті синдромға шалдыққандар саны жағынан 14-орында тұр. Бұл жөнінде бізге Ақтөбе облысындағы ЖИТС облыстық орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева айтып берді.
Оның айтуынша, біздің қоғам осы дерттің бар екенін қабылдауға аса құлықсыз. Өйткені мұның қандай жолдармен жұғатынын жұрттың бәрі біледі. Соңғы мәлімет бойынша Ақтөбе облысындағы ЖИТС-ке шалдыққандардың 35%-ы – 30-39 жас аралығындағылар, 61%-ы – ер адамдар, 67%-ы – ауруды жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар. Биыл он ай ішінде облыста тексерілген 43 адамның сынама қорытындысы ЖИТС-тің оң нәтижесін көрсетті. Бұлардың 65%-ы – 20-39 жас аралығындағылар, 60%-ы – ер адамдар, ал жыныстық қатынас арқылы жұғу деңгейі – 88%. Қазір СПИД орталығында ЖИТС-пен ауыратын 322 адам диспансерлік есепте тұр. Олардың 283-і вирусқа қарсы тегін ем қабылдап жатыр.
– Биылғы пандемияның қиындығына қарамастан, өткен жылдың осы айымен салыстырғанда облыс тұрғындарының 16%-ы АИТВ (адам иммун тапшылығының вирусы) бойынша тексеруден өтті. ВИЧ-ке қарсы жедел және қолжетімді тестілеу адам бойындағы қауіпті вирусты дер кезінде анықтауға, бірден ем жүргізуге мүмкіндік береді. ЖИТС-ке тестілеу құпиялы түрде өтеді. Орталық дәрігерлері мекемелер мен оқу орындарында жыл бойы онлайн-дәрістер өткізіп, жұрттың сауалдарына жауап берді. Себебі дәрігерлерге вирус жұқтырған адамның қай жерде жұқтырғанын білу өте маңызды. Иммун тапшылығы вирусы науқастың отбасына, айналасындағы адамдарға таралып кетпеуі үшін ең бірінші жұқтырған ортасын тезірек анықтауға мүдделіміз. Егер вирус жұқтырып алдым деп іштей күдіктенген жағдайда, уақытты созып алмай, бірден орталыққа келіп АИТВ жұқпасына сынама тапсыруы тиіс, – дейді аталған орталық өкілі.
Статистикадан көрініп тұрғандай, иммун тапшылығының вирусына шалдығушылар арасында жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар саны басым болып тұр. Бұрынғы статистикада нашақорлар арасында көп болатын. Есірткіні инемен пайдаланушылардың арасында алдын алу іс-шараларын жүргізу арқасында, АИТВ жұқпасының таралуы едәуір тоқтаған.
– Ал иммун тапшылығы вирусын жұқтырған сәбидің бойында ешқандай өзгеріс байқалмайды. Мұны тек қан талдауы арқылы анықтауға болады. Баланың ағзасына кірген вирус пен иммундық жасуша күреске түседі. Вирус жасушаны бірден өлтіріп тастай алмайды, біртіндеп күшейе береді. Вирус жеңе бастағанда ғана иммундық жүйе әлсірей бастайды. Сондықтан әлемдік медицинада осы жасушаның бәріне таралып кетпеуі үшін вирусты қоршап тастайтын тәсіл қолданылып жатыр. Иммун тапшылығы вирусын анықтау үшін адам сынамалар тапсырып, оң нәтиже көрсетсе, бірден емдеуге кірісеміз. Осы арқылы адамның ағзасына енген вирустық жүктемені азайтып, оны анықталмайтын деңгейге түсіруге тырысамыз, – дейді А.Жайлаубаева.
Оның айтуынша, вирусты анықталмайтын деңгейге түсіру дегеніміз – вирусы бар адамнан басқа адамға жұқтырмау. Сырқат ерте анықталса, емнің нәтижелілігі де зор болады. Осы мақсатта өңірлік орталықтың дәрігерлері вирусқа шалдығудың алдын алу іс-шараларын жоспарлы түрде жолға қойып келеді. Мұндағы жаңалық – жыныстық қатынас арқылы жұғатын иммун тапшылығы вирусының алдын алу шаралары. Мысалы жұбайлардың бірі АИТВ жұқпасын жұқтырған болса, екіншісіне жұқпауы үшін вирусқа қарсы дәрілерді қабылдайды. Осы мақсатта биыл ЖИТС облыстық орталығында «Достық» кабинеті ашылып, онда індет жұқтырғандар келіп, невролог, гинекологтан дәрігерлік кеңес алып, ем қабылдауға мүмкіндік алды. Бұл жерде әлеуметтанушылар да, психологтар да отырады.
Сонымен қатар орталық маманы есірткіні инемен пайдаланушылар арасында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
– Орталық дәрігерлері бірнеше топқа бөлініп, күндізгі рейдтер жүргізеді, тіпті арнайы жылжымалы бекетіміз де бар. Біз есірткіге шалдыққандарға полицейлерді ертпей барып, олардың пайдаланған инелерін жинап аламыз, бір реттік қолданыстағы инелер береміз. Әрине, жұртшылық біздің бұл ісімізге риза емес. Бірақ наркомандар арасына полициямен барсақ, олар қашып кетіп, екінші қайтып бізге жоламай қояды. Есірткі пайдаланушылардың жан-жағына, отбасына, туыстарына, балаларына жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан олардың сеніміне кіру біз үшін өте маңызды. Олардың сеніміне кіру де қиын. Бірінші рет үйлеріне іздеп барғанда, көзқарасыңды бірден байқап қалса, келесі күні үйіне кіргізбей қоюы мүмкін. Оларға секем тудырсақ, өз арасындағы таралу жолдарын, ортасын анықтай алмаймыз. Орталықтағы алдын алу бөлімінде эпидемиологтар, социологтар, педагогтеріміз де бар. Олар мектеп оқушыларымен, студенттермен жұмыс істеп, жыныстық қатынаста инфекция жұқтырудың салдары туралы дәлелді ақпарат береді. Әлеуметтік желімен жұмыс жүргізіп, жұртшылықтың сауалдарына тікелей жауап беруді қолға алдық. Ақтөбе облыстық ЖИТС (СПИД) орталығының Instagram-дағы ресми парақшасында сақтану жолдары, ЖИТС қаупі туралы бейнероликтер салып, жұртшылықтың сауалдарына тікелей жауап беріп, «ЖИТС туралы не білеміз?» деген тақырыпта шығармашылық конкурс ұйымдастырамыз. Өйткені жұртшылық бұл дерттің емделмейтініне көздерін жеткізіп, кездейсоқ жүрістердің кесірінен өз өміріне өзі балта шабатынан сезінуі тиіс, – дейді А.Жайлаубаева.
Дзюдошыларымыздың Ташкентте кімдермен күресетіні белгілі болды
Күрес • Бүгін, 22:30
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Бүгін, 22:00
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Бүгін, 21:44
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Бүгін, 21:40
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Бүгін, 21:38
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Бүгін, 21:36
Теннис • Бүгін, 21:34
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Бүгін, 21:15
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Бүгін, 20:45
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 20:30
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Бүгін, 20:09
Алматыдағы автопарктер 400-дей экологиялық автобус сатып алуды жоспарлап отыр
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Бүгін, 18:47
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Бүгін, 18:36
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Бүгін, 18:36
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Бүгін, 18:34
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Бүгін, 18:30
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Бүгін, 18:26
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Бүгін, 18:15
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 18:01
Елордалық мектептерде «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Жануарларды нөмірлеу»: Қазақстандықтар COVID терминінің мағынасына наразы
Қоғам • Бүгін, 17:47
Президент тапсырмасымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Асқар Молдағали каратэден Қазақстан командасының бас бапкері болып бекітілді
Спорт • Бүгін, 17:43
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Бүгін, 17:38
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Бүгін, 17:28
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Бүгін, 17:21
Әлеуметтік желілерде ПТР-тестілеу нәтижелері көрсетілген жалған бланкілер таратылуда
Қоғам • Бүгін, 17:20
2020 жылы төлем ұйымдары көрсететін қызметтер көлемі 15%-ға өсті
Қаржы • Бүгін, 17:11
Таиландта коронавирусқа қарсы вакцинация басталды
Әлем • Бүгін, 17:08
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Бүгін, 17:08
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Бүгін, 17:02
Пандемия кезінде әлеуметтік жобаларға атсалысқан тұлғалар марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:56
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе рейстері қайта ашылады
Қоғам • Бүгін, 16:47
Қоғам қайраткері Болатхан Тайжанды еске алу іс-шарасы өтті
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:37
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:21
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Ұқсас жаңалықтар