Оқиға • 20 Қараша, 2020

Студенттер сөз қағыстырды

381 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Хакім Абайдың 175 жылдығына және өмірден ерте өткен айтыс­кер Оразалы Досбосыновтың 45 жылдығына арналған аламанға Алма­ты қа­ла­­сындағы жоғары оқу орындарында оқитын 10 ақын қа­тыс­­ты.

Студенттер сөз қағыстырды

Айтысты ашып берген Абай атындағы ҚазҰПУ ректо­ры, айтыс жанашыры Такир Балықбаев Оразалының шығар­машылығын насихаттау мақса­тын­да ұйымдастырылған барлық шараға қолдау көрсететін және алдағы жылы жыр алыбы Жам­был Жабаевтың 175 жыл­ды­ғы­­на орай халықаралық студенттер ай­тысын өткізуді жоспарлап отыр­ға­нын айтты.

Шараның басында сөз алған Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман төл өнері­міз­ге қолдау көрсетіп отыр­ған университет ректоры бастаған ұжымға алғысын айтып, жас ша­йырларға батасын берді. Он­лайн айтыстың барысында аталған оқу ордасының баспасынан шыққан университет жас­та­рының «Көктем ғұмыр» атты жыр-жинағының тұсауы ке­сіл­ді. Айтыстың алғашқы жұ­бы болып айтысқан Қайнар акаде­миясының студенті Расул Сауытбек пен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші курс студенті Алтынай Қанапия залға келіп қыз бен жігіт айтысының тамаша үлгі­сін көрсетті. Қалған төрт жұп онлайн режімінде сөз қа­ғыс­тыр­ды.

Жас айтыс­­кер­лерге «Ай­тыс ақын­­­дары мен жыршы-терме­шілер халықаралық одағы» РҚБ Басқарма төрағасы ақын Жүрсін Ерман, «Ана тілі» газе­тінің бас редакторы ақын Жанарбек Әшімжан, «Балдырған» журна­лы­ның бас редакторы Дүйсен Мүсірәлі, халық­аралық, рес­пуб­ликалық айтыс­тардың жүл­де­ге­рі ақын Серік Қалиев, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, филология ғылымдарының док­торы Темірхан Тебегенов қа­тар­лы сөз ұсталары қазылық етті.

Жыр бәйгесінде дараланып алға шыққан Әл-Фараби атын­да­ғы Қазақ ұлттық универ­си­тетінің студенті Нұрбол Жауын­баев Бас жүлдені жеңіп алды. (100 000 теңге). Қыз бен жігіт айтысының тамаша үлгісін көрсеткен Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Алтынай Қанапия бірінші орын иеленсе (80 000 теңге), Қайнар Академиясың студенті Расул Сауытбекке екінші орын (60 000 теңге), Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті Жанарыс Тілеубекке және Абай атындағы ҚазҰПУ сту­ден­ті Данияр Нысан­ғалиевке үшінші орын жүл­десі берілді. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті талантты ақын Бекжан Базарбекке арнайы жүлде табыс­тал­ды. Айтысқа қатысқан барлық ақын ректордың Алғысхатымен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Шараны ұйымдастырушылар айтысқа ақпараттық қолдау көр­сет­кен «Қазақ радиолары» ЖШС Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпаровқа және «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжанға алғысын білдірді.