Қазақстан • 20 Қараша, 2020

"Мулан" анимациялық фильмі қазақ тіліне дубляждалды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көптен күткен "Мулан" анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі премьерасы ағымдағы жылдың 17 желтоқсанына жоспарланған, "Мулан" – бұл қазақ тіліне дубляждалған және отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шығатын 35-ші фильм.

"Мулан" анимациялық фильмі қазақ тіліне дубляждалды

Фильмдегі рөлдердің бірін қазақстандық каскадер, «Nomad Stunts» каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов сомдады. Мамыр айында ол каскадерлік «Оскар» әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығына ұсынылды, сыйлық иегерлерінің есімдері осы жексенбіде 22 қарашада белгілі болады. 

1998 жылғы мультфильмнің ремейкі әлемдік прокатқа шықты. Онлайн-кинотеатрларда қазақ тіліндегі фильм ертерек шығады деп жоспарлануда.

Голливуд киностудияларының отбасымен қарауға арналған фильмдерін мемлекеттік тілге «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясы дубляждайды. «Мулан» фильмінің дубляж демеушісі: «BI Group» компаниясы.

Соңғы жаңалықтар