Спорт • 20 Қараша, 2020

Күрес: 61 кило салмақта Адлан Асқаров алтын алды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні үш салмақ дәрежесі бойынша белдесулер өтті.

Күрес: 61 кило салмақта Адлан Асқаров алтын алды

Жанкүйерлер 61 кило салмақтың бас жүлдесі үшін тартыс қос құрдас – Нұрислам Санаев пен Расул Қалиев арасында өрбиді деп болжады. Екеуінің де жасы 29-да. Алайда әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Азия чемпионы алғашқы айналымдардың бірінде ойда-жоқта есімі көпшілікке беймәлім Мұхтар Сейітовтен ұтылды.

Ал сары құрлықта қарсылас шақ келтірмей, Азия ойындарында күміс медальді мойнына ілген Расул Қалиев жартылай финалда Адлан Асқаровқа жол берді. 

Ақтық сында Саламат Мәліковке сан соқтырған Адлан ел чемпионы атанды. Енді осы айқын жеңістен кейін бұл спортшының әр қадамын қырағы мамандар жіті қадағалайтыны анық. Себебі, бұған дейін ол жасөспірімдер мен жастар арасындағы және 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем біріншіліктерінде жүлде алды. Бірақтар халықаралық жарыстарда олжа салды. Міне, енді жасы 20-дан енді асқан Асқаров ересектер дуында қарсылас шақ келтірмеді. 

Қазақстан чемпионатының қола медаль Расул Қалиев пен Азат Оганнисянға бұйырды.