65 кило салмақта қызылордалық Дәулет Ниязбеков пен қарағандылық Әділ Оспанов бас жүлдені сарапқа салады. 70 кило салмақ дәрежесінде шымкенттік Нұржан Сейітжан мен Сырбаз Талғат күш сынасады. 97 кило салмақта жамбылдық Әлішер Ерғали мен қарағандылық Серік Бақытханов белдеседі.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы жарыс күні мына балуандар жеңіс тұғырына көтерілген болатын: 57 кило: 1. Дәулет Темиржанов (Ақмола), 2. Жавохир Иристаев (Қарағанды), 3. Ғабит Төлепбай (Шымкент) мен Рахат Қалжан (Жамбыл). 61 кило:1. Адлан Асқаров (Алматы облысы), 2. Саламат Мәліков (Атырау), 3. Расул Қалиев (ШҚО) пен Азат Оганнисян (Қарағанды). 86 кило: 1. Азамат Дәулетбеков (ШҚО), 2. Есқали Дәулетқазы (Алматы облысы), 3. Әділет Даулынбаев (Алматы қаласы) пен Нұрдәулет Көктеубаев (Маңғыстау).