Спорт • 21 Қараша, 2020

Күрес: Дәулет Ниязбеков 65 кило салмақта дара шықты

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрестен Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында бүгін 65 кило салмақ дәрежесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күрес: Дәулет Ниязбеков 65 кило салмақта дара шықты

65 кило салмақ дәрежесіндегі балуандар арасындағы белдесулер өте шиеленісті өтті. Кілең көкжалдар арасынан қызылордалық Дәулет Ниязбеков пен қарағандылық Әділ Оспанов суырылып шықты. Бұл бәсекеде Сыр бойы саңлағының жеңетініне ешкімнің күмәні болмады. Өйткені, Дәулеттің әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы деген атақтары бар. Әділ ондай жетістігімен мақтана алмайды.

Айтқандай-ақ, финалдық сайыс Ниязбековтің айқын басымдығын аяқталды. Есеп – 9:0. Жамбылдық Нұрсұлтан Садық пен  шығысқазақстандық Олжас Олжақанов үшінші сатыға жайғасты.