70 кило салмақ дәрежесінде бас жүлде үшін тартыс шымкенттік Нұржан Сейітжан мен атыраулық Сырбаз Талғат арасында өтті. Бұл бәсекеде Атыраудан келген балуанның үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Қарсыласын 10:0 есебімен ұтқан ол ел чемпионы атанды.
Атыраулық Айдын Тәжіғали мен қарағандылық Ғалымжан Ибадулланы ұтқан Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Сұлтан Бейісов пен талдықорғандық Ерлан Тәңірбергенов қола медальді қоржындарына салды.