Спорт • 22 Қараша, 2020

Ауыр атлетика ел чемпионаты өтіп жатыр

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы ел чемпионаты онлайн-форматта өтуде. Айтулы жарыста 350-ден аса зілтеміршілер бақ сынауда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыр атлетика ел чемпионаты өтіп жатыр

Алғашқы күні бәсекелер 55 кило салмақ дәрежесінде өтті. Бұл тартыста талдықорғандық Абылай Әуелханов алдына жан салмады. Күні кеше ғана Перудың ауыр атлетика федерациясы ұйымдастырған онлайн-форматтағы жасөспірімдердің әлем кубогында алдын медальді мойнында жарқыратқан дарынды жас нағыз бабында екенін бұл жолы да дәлелдеді.

Қоссайыстың қорытынды бойынша Абылай 237 (101+133) килолық зілтемірді еңсеріп, Қазақстан чемпионы атанды. Қандасымыз 2017 жылы Дүниежүзілік Универсиадада, 2018 жылы әлем чемпионатында және 2019 жылы Азия біріншілігінде жүлде алған шымкенттік Арли Чонтейден тоғыз кило артық салмақты еңсерді. Үшінші орында – өскемендік Ерназ Алпысов.