Елорда • 22 Қараша, 2020

Ертең Алаш тас жолы көпірінің қозғалысы жабылады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 қараша күні сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Алаш тас жолы (Бөгенбай батыр көпірі) көпірінің оң жақ шеткі жолағын Уәлиханов көшесінен орталық базар бағытын жабу жоспарлануда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең Алаш тас жолы көпірінің қозғалысы жабылады

"Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының таратқан хабарламасында.