Коронавирус • 22 Қараша, 2020

Ғалымдар COVID-19 жұқтырғаннан кейінгі алғашқы күндердің қауіптілігі туралы айтты

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сент-Эндрюс университетінің зерттеушілері SARS-CoV-2 коронавирусының басқа екі зоонозды вирустар - SARS-CoV және MERS-CoV-ке қарағанда тез таралатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалымдар COVID-19 жұқтырғаннан кейінгі алғашқы күндердің қауіптілігі туралы айтты

Ғалымдардың пікірінше, COVID-19 жұқтырған науқасты мүмкіндігінше тезірек оқшаулау керек, өйткені вирустың ең жоғарғы таралу белсенділігі алғашқы бес күн ішінде пайда болады екен.  Бұл қаситеі SARS-CoV-2 адамдар арасында тез таралуына мүмкіндік береді. Өз кезегінде, SARC-CoV және MERS-CoV белсенділіктерінің шыңы оныншы күндері байқалады.

Ғалымдар дер кезінде өзін-өзі оқшаулау және COVID-19 белгілері туралы қоғамның хабардар болуы індеттің таралуын болдырмауға мүмкіндік беретін тиімді шаралар болып табылатындығын атап өтті.