Қоғам • 23 Қараша, 2020

Малыңа абай бол, ағайын!

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мал ұрлығына байланысты заң біршама қатайғанымен, өңірде мал ұрлығы тыйылмай отыр. Соғым науқаны қарсаңында өршіп кететін әдеті еді. Биыл да бұрынғының кебін кимесек жарағаны.

Малыңа абай бол, ағайын!

 

 Таяуда малын ұрлатып, өкініші өзегін өрттеген жеті бірдей шағым тү­сіпті. Абырой болғанда, полиция қыз­мет­керлерінің жедел іс-қимылының арқасында жоғалған мал табылып, иелеріне қайтарылды. Онда да уақытында хабар бергендерінің арқасында. Ал жайылымдағы малдың жайы бөлек. Үйір  ішіндегі жылқыны түгендеу қиын. Табылып қалар деген үмітпен жыл­қы­шылар құрық сүйретіп бірер күн өз­дері іздейді. Маңайдағы жылқы баққан қа­уым­нан сұрастырады. Оған шейін із басылады. Былтыр дәл осындай 32 дерек тір­келген. Қазір мал ұрлығының алдын алу­ға бағытталған кешенді шара жүргізіліп жатыр. 

–Жуырда Краснояр елді мекенінен жайылымдағы жылқының жоғалғандығы туралы суыт хабар түсті. Жедел іздестіру шараларын жүзеге асырудың барысын­да жоғалған мал табылды, – дейді Көкше­тау қалалық полиция басқармасы крими­налдық полиция бөлімінің бөлімше бас­тығы Қанат Ахметов.

Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мал тасымалдайтын  авто­көліктерді тоқтатып, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Таяуда заң бұзғаны үшін  әкім­шілік 2 хаттама толтырылып, айыппұл са­лын­ды.

Өңірге ет өнімдері іргелес аудандар мен көршілес Солтүстік Қазақстан өңі­рінен де жеткізіледі. Егер құжаттары болмаса, сойылған малдың кімдікі екенін анық­тау қиын. «Алдырған албырт»  дегендей, мал иелерінің өздері күнкөрісін ажыратып отырған ақ-адал малына абай болғандары жөн.

 

Көкшетау