Оқиға • 23 Қараша, 2020

Үржарда аудандық аурухананың бас дәрігеріне ұжым неге ашулы?

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Үржардағы № 1 орталық аудандық аурухананың дәрігерлері мекеменің бас дәрігерінің жұмысын жалғастыруына наразылықтыратын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Үржарда аудандық аурухананың бас дәрігеріне ұжым неге ашулы?

Аурухана қызметкерлері аймақтағы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына видеоүндеу түсірген және хат жазған.

Ұжым бас дәрігерге қарсы бірнеше айыптау тақты. Олар басшыны қызметкерлерге дөрекілік танытып, агрессия көрсететінін, үстемеақыны алып тастағанын, бұдан бөлек мейірбикелерді өзінің Алакөлдегі демалыс орнында жұмыс істеуге мәжбүрлейтінін жеткізді. 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіндегілер бұл жағдай туралы білетінін мәлімдеді. Ауруханаға облыстың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жайық Жұмақанов тексеру үшін аттанған.

"Үржар ауданындағы медициналық мекеме қызметкерлерінің видеоүндеуіне қатысты мынаны хабарлаймыз: бүгін ауданға облыстың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жайық Жұмақанов кетті. Таңертең ұжыммен кездеседі және оларды толғандырған мәселелерді анықтайды", деді ШҚО әкімдігінің өкілі.