Онлайн брифинг барысында бас дәрігер коронавирустың негізгі белгілері дене қызуының көтерілуі, жөтел, ентігу және жалпы әлсіздік екенін еске салды.
"Жіті респираторлық вирустық инфекциясы бар адамдардан аулақ болған абзал. Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын орындарға мейілінше бармаған жөн. Көшеде, қоғамдық көлікте, сауда орындарында жалпы барлық жерде маска режімін сақтап, әлеуметтік арақашықты естен шығармау керек. Үнемі антисептикті қолданып, жеке бастың гигиенасын сақтау керек. Жедел респираторлы вирустық аурудың белгілері пайда болған кезде шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінуіміз керек", деді ол.