28 Қараша, 2013

Мәскеуде теракт ұйымдастырмақ болған 15 экстремист ұсталды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 11 - Maskeu ekstremistМәскеуде полиция мен арнайы қызмет өкілдері қару мен жарылғыш заттары бар 15 экстремисті қолға түсірді. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.

«Қарашаның 26-нан 27-не қараған түні Мәскеудің шығысында өткен жедел іздестіру шаралары барысында «Ат Такфир валь-Хиджра» радикалды экстремистік құрылымның 14 өкілі тұтқындалды», – деп мәлімдеді полиция өкілі. Біршама уақыт өткен соң бұл топтың тағы бір мүшесі басқа мекен жайда ұсталғаны белгілі болды.

«Тінту барысында құрылым мүшелерінен қолдан жасалған үш жарылғыш зат пен қарулар, сондай-ақ экстремистік әдебиеттер тәркіленді», – деп хабарлады Ресейдің ішкі істер министрлігі.

Lifenews.ru сайтының құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзінің мәліметі бойынша, тұтқындалған содырлар Мәскеуде теракт ұйымдастырмақ болған. Топты араб мемлекеттерінің бірінде дайындықтан өтіп келген лаңкес басқарған. Ол өзінің қатарына көбінесе Ауғанстан, Шешенстан мен Оңтүстік Осетиядағы әскери қимылдарға қатысқан адамдарды жинауға тырысқан көрінеді.

Радикалды топ сондай-ақ есірткі саудасымен айналысып, одан түскен пайданы экстремистік қызметтің қаржыландырылуына жұмсаған екен.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Utro.ru

Соңғы жаңалықтар