Әлем • 23 Қараша, 2020

АҚШ президенті жаңа тағайындаулар жасады

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

New York Times газеті АҚШ президенті болып сайланған Джо Байден мемлекеттік хатшы постына өзінің 58 жастағы кеңесшісі Тони Блинкенді тағайындағанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

АҚШ президенті жаңа тағайындаулар жасады

Бұған дейін Hill газеті Байденнің мемлекеттік хатшы қызметіне кімді тағайындайтынын хабарлап, бұл лауазымға Блинкен отыруы мүмкін екені айтылды.

ABC News телеарнасы және Блумберг агенттігі де Блинкеннің мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындалатыны туралы ақпаратты жариялады. Сондай-ақ, агенттіктің мәліметінше, Хиллари Клинтонның бұрынғы көмекшілерінің бірі Джейк Салливан президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі болады.

Жергілікті БАҚ жаңа тағайындаулар туралы сейсенбі күні жарияланатынын хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, Байденнің көмекшісі Рон Клайн Ақ үйдің аппарат басшысы болып тағайындалуы мүмкін. Бұған дейін ол кабинеттің бірінші мүшелері туралы тағайындау сейсенбі күні жарияланатынын мәлімдеген.

Ал Блинкен бұрын мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары болған. Сондай-ақ мемлекеттік хатшы лауазымына кандидат ретінде сенаторлар Крис Кус пен Крис Мерфи, мемлекеттік хатшының бұрынғы бірінші орынбасары және АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Уильям Бернс, сондай-ақ президент Барак Обаманың қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Сьюзан Райс та бар.