Күрес • 23 Қараша, 2020

Еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген балуандар 10 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтап, үздіктері ұлттық құрамаға жолдама алды. Елордалық еркін күрес шеберлері де бұл додада аянып қалмады. 92 келіге дейінгілер арасында Ералы Абдрашев шешуші сында маңғыстаулық палуанға есе жіберіп ел чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады. Ал, Нұрғали Нұрғайыпұлы дәл осы салмақ дәрежесінде үшінші орын алды. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрлан Бекжанов үшінші орын үшін күресте алматылық Дархан Есенғалимен жолығып, жеңіске жетті. 

Осылайша еркін күрестен Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының қоржыны 1 күміс пен 2 қола медальмен толықты.

Балуандар бәсекесін бүгін әйелдер күресі жалғастырып, ертең грек-рим күрес шеберлері сынға түседі. Ел чемпионаты карантин талаптарына сақтай отырып, көрерменсіз өтуде.