28 Қараша, 2013

Сайлауда жеңген Меркельдің билікке келуі қиын болып тұр

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

27-11-13-bolshaya koalitsia-1

Күні кеше Германиядағы екі ірі саяси партия өзара «үлкен коалиция» құру жөнінде келісімге келді. Мұны олар Министрлер кабинетін бірлесіп құру мақсатында жасады. Бұл туралы «Известия» хабарлады.

Елде парламент сайлауы өткен соң жеті аптадан кейін ХДС/ХСС және Социал-демократиялық партия (СДПГ) консервативті блоктары өзара коалициялық келісім жасасты. Бұл ГФР-дегі екі ең ірі, бірақ идеологиялық жағынан бір-бірлеріне қарама-қарсы  партиялар өкілдерінен құралатын жаңа үкіметті құрудың бағдарламасы болып табылады. Алайда, Ангела Меркельдің өзі қазір жаңа кабинетті ресми түрде басқарып кете беретініне сенімді емес. Оны тағайында әлі де болса социал-демократтардың еркінде тұр.

«Партиясының соңғы 30 жылдың көлеміндегі рекордтық көрсеткішке жетіп, 41,5 пайыздық дауыс алған Меркельдің ғаламат жеңісінің өзі шын мәнінде оның жеңісіне айналмай тұр. Сайлауда дауыс берудің нәтижесінде ол өзінің басты әріптесі – СвДП-дан айрылып қалды. Бұл партия бес пайыздық белестен аса алмай, бундестагқа өтпей қалды, - деді Германия-Ресей форумының ғылыми директоры Александр Рар. -  Сондықтан ол коалициялық әріптесті сол саяси қапталдан іздестіруге мәжбүр болды. Енді «үлкен коалиция» туралы келісімге келгеннен кейін оның үкіметінің саясаты айтарлықтай бұзыла бастайды».

Сайлаудың қорытындысында бундестагқа ХДС-ХСС және СДПГ блоктарынан бөлек, тағы екі партия ғана өтті. Сол жақ партия негізінен Шығыс Германияның бұрынғы коммунистерінен құралған. Олар ежелден консерваторлардың қарсыластары болып саналып келген.

Сәкен Майлыбай.

Дереккөз: Известия.  

Соңғы жаңалықтар